«Алтын тобылғы» байқауы жаңа есімдерді айшықтап берді
Елорда бір сәтке әдеби астанаға айналды. Еліміздің бас қаласында дарынды жас жазушылар марапатталды. Осымен жетінші рет Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» байқауы жаңа есімдерді айшықтап берді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
21.12.2021
Дәстүрлі байқауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18-бен 35 жас аралығындағы әдебиетшілер бақ сынаған. Биылғы сайысқа бұрын еш жерде жарияланбаған 156 жұмыс түсіпті. Ал жас қаламгерлердің еңбегін жазушы Нұрлан Оразалин, режиссер Нұрқанат Жақыпбай бастаған қазылар алқасы қашықтан, онлайн режімде бағалады. Басымдық шығарманың көркемдік стилі, авторлар ойының жүйелілігіне берілген. Проза, поэзия, драматургия, балаларға арналған шығармалар номинациялары бойынша төрт үздік туынды таңдап алынды. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған арнайы жүлде де бар. Ол «Ханнама» ерлік пен елдік жырларын жазған жас ақын Шапағат Әбдірұлына бұйырды.
Шапағат Әбдірұлы, «Алтын тобылғы» байқауының лауреаты:
- Осы жарысты ұйымдастырып, өткізіп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорына мың алғысымды білдіргім келеді. Тәуелсіз елдің жастары үшін осындай жарыстарды, бәйгелерді ұйымдастырып тұру ақындардың қаламына қанат бітіреді деген сенімдемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!