{metadescription}
Елордада металл құрастырмадан өлген әйелге қатысты іс сағызша созылған
Елордада металл құрастырмадан өлген әйелге қатысты іс сағызша созылған

Елордада металл құрастырмадан өлген әйелге қатысты іс сағызша созылған

Нұр-Сұлтанда үстіне ауыр металл құрастырма құлап қайтыс болған әйелдің жақындары шарасыз күйде отыр. Екі ай бойы азап тартып ауруханада жатқанда жылжымаған іс сол күйі жабылып тына ма деп алаңдаулы.

Өйткені тергеушілер де жауапты тарапты анықтап болар емес. Марқұмның қызының шағымын тілшіміз тыңдап қайтты.

Гаухар Ахметжанова үстіне құлаған ауыр темірдің кесірінен елордадағы ауруханада екі ай ес-түссіз жатты. Дәрігерлер оған 13 ауыр диагноз қойған. Миына қан құйылып, сүйектері сынған әйел бес рет ота жасатқанымен, ақыры ес жимастан бақилық болды.

Жұлдыз Тұрсынбекова, марқұмның қызы:

- Ешкім хабарласқан жоқ. Екі ай бойы ешкім бетін көрсеткен жоқ. Ешкім. Келіп кешірім сұрап, көмек керек пе деген жоқ. Осындай жағдай боп қалды, әдейі жасаған жоқпыз деп ешкім айтқан жоқ. Түсінесіз бе? Ешқандай бір мұсылмандық көрсеткен жоқ. Есік алдына шыққанда басына, төбеден металл конструкция түскен. Маған кешкі сағат алтыда бір-ақ хабарлады. Мен анамды кешке күтіп отырғам үйде.

Гаухар Ахметжанова  Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі, елордадағы бірнеше тұрғынүйдің, сас прокуратура сияқты маңызды мекемелердің сәулетшісі, жобалық жұмыстардың авторы. 22 қазанда марқұмды ұлы жұмысқа әкеп тастайды. Бизнес орталықтағы жаңа кеңсеге көшіп келгеніне де көп болмаған екен.

Оқиға сол жағалаудағы тұрғын үй кешенінің жанында болған. Ал ауыр темір конструкция жапсарлас тұрған бизнес орталықтан құлаған. Ғимарат әкімшілігі темірді жалға алушылардың орнатқанынан мүлдеп бейхабар. Кәсіпкер шатыр үстінде жастарға кездесу орнын жасамақшы болған екен. Өкінішке қарай темір күмбез адамдарды кездестірген жоқ, керісінше өмірмен қоштастырды.

Бас шаһардың полициясы оқиға болған күні тергеу-тексеру жұмысын бастаған. Алайда сол кезде әйел жансақтау бөлімінде жатқан соң тоқтатып қойыпты. Тоқтатқаны соншалық, марқұм қайтыс болғаннан кейін істі жалғастыруға асықпағандай. Тек жәбірленуші тарап әлеуметтік желіге жазған соң сең қозғалды. Абайсызда анасынан айырылған отбасы тергеушілердің асықпайтынына аң-таң.

Жұлдыз Тұрсынбекова, марқұмның қызы:

- Бұл әркімнің басына түсетін жағдай. Оның орнында сіздің анаңыз немесе балаңыз болуы мүмкін.  

Дегенмен Нұр-Сұлтан полициясы қылмыстық тергеуді қайта бастаған. Жауапқа бизнес орталықты емес, темір күмбезді қондырған жалға алушыны тартпақ.

Эльмира Шауленова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз хатшысы:

- Осы оқиғаға байланысты Есіл аудандық полиция басқармасында қылмыстық тергеу басталған. Жәбір көрушінің қайтыс болуына байланысты, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары 306 баптың 3-тармағы, яғни «абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау  немесе қызмет көрсету бабына»  ауыстырылды.

Қайғыдан қан жұтқан бойжеткен анасының өліміне кінәлілердің заң алдында қатаң жазаланатынына үмітті. Күдіктілер осы бастан жауаптан жалтармасы үшін Президенттен, анасы жобасын жасаған бас прокуратура, ішкі істер министрлігі мен Жоғары соттан қайғылы жағдайға назар аударуын сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде