{metadescription}
Ақтөбеде алаяқтар қашықта отырып жұртты қарызға кіргізген
Ақтөбеде алаяқтар қашықта отырып жұртты қарызға кіргізген

Ақтөбеде алаяқтар қашықта отырып жұртты қарызға кіргізген

«Онлайн несие рәсімдеу тоқтатылсын». Ақтөбеде алаяқтарға алданған тұрғындар билікке осындай талап қойды. Қашықта отырып жұртты қарызға кіргізетіндердің жолын тек осылай тыюға болады дейді жиналғандар.

Өйткені бір Ақтөбенің өзінде ондаған адам банкке бармай-ақ борышкер атанған. Телефон соққан алаяқтың сөзіне сеніп, қалай несие рәсімдегендерін өздері де білмей қалады екен. Артынан ақшасын аударып алғанын да байқамайды.

Ақтөбелік Гүлшат Айтқазиева бір күнде төрт бірдей банкке қарыз болып шыққан. Бір ай бұрын телефон арқылы қаржы ұйымының қауіпсіздік қызметінен деп таныстырған жігіт есепшотына шабуыл жасалғанын айтады. Оның алаяқ екенін білмей айтқанына арбалып, жолдаған смс хабарламаларын мақұлдай беріпті. Ақыры қарапайым мұғалім өзінің сегіз миллион қарыз алып, оны танымайтын біреуге қалай аударып жібергенін аңғармай қалған. 

Гүлшат Айтқазиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Жалпы 8 миллион 800 мың. Барлығын біреуге аударып, онымен қоймай жалақым 2-қарашада түскен, дым да жоқ. Содан мен сенбі күні есімді жидым. Мен не істедім деген. Кеш. Өйткені телефон жауап бермейді вотсапқа. Болды ғой енді, үш күнде бүкіл ақшамды алып алды.

Гүлшат секілді алаяққа алданған тұрғындар қалалық әкімдік алдындағы алаңға жиналды. Олар биліктен онлайн несие рәсімдеуге тиым салуды сұрап отыр.

Сара Қожанова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Мына онлайн кредитті тоқтатсын. Бұл деген Қазақстанның тек қана қарапайым халықты қанау ғана. Олардың жағдайын ешкім жасап жатқан жоқ. Біздің жағдайымызды қарасын. Алған адамдарды, преступниктерді тапсын. Таппайынша басқалар зардап шегеді.

Ақтөбеде сыртынан онлайн несие рәсімдеп, ақшасынан айрылған 74 адамнан тәртіп сақшыларына арыз түсіпті. Қазір соның тек 13-і ғана сотқа жеткен. Тергеушілер ең алдымен тұрғындардың өздері мұқият болса екен дейді.

Нұрболат Сұлтанов, Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

- Банк қызметкерлері болып таныстырып сөйлескен жағдайда міндетті түрде телефонды қойып, банктің кез келген банктің колл-орталығына хабарласып, өзінің аты-жөнін айтып , осы айтылған деректерді тексеруге мүмкіндіктері бар.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, жау сырттан емес. Адамдары алдап жүрген алаяқтардың көбісі өз отандастарымыз екен. Онлайн несиеге қатысты қылмыстардың тек кейбірінде ғана көрші ел азаматтарының қатысы болып жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде