{metadescription}
 Бес жасар бала мен оның анасын көлік қағып кетті – Ақтау
 Бес жасар бала мен оның анасын көлік қағып кетті – Ақтау

Бес жасар бала мен оның анасын көлік қағып кетті – Ақтау

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан бес жасар бала мен оның анасын көлік қағып кетті. 29 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды. Ал, ауыр жарақат алған қызы дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда шұғыл ота жасаған дәрігерлер оны да ажалдан аман алып қала алмады.

Қайғылы оқиға кеше түнгі сағат 12 шамасында болған. Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйел мен баланы қаққан. Қатты соққыдан екеуі де жеті-сегіз метр жерге ұшып түскен. 29 жастағы келіншек сол жерде көз жұмды. Ал бес жасар қызы облыстық балалар ауруханасында есін жимастан қайтыс болды.

Құрман Қайранов, Маңғыстау облысы балалар ауруханасы травматология-ортопедия бөлімінің меңгерушісі:

- Науқас ессіз күйде, ауыр ми жарақаты, іші, қарын, бауыры зақымдалып, талағы жыртылған. Көп қан кеткен. Бала жедел операцияға алынып көмек көрсетілді. Соған қарамастан баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Себебі: алған жарақты өте ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.