Теңіз кенішіндегі жаппай қысқартылу министрді аса алаңдатпайды
Теңіз кенішіндегі қызметкерлердің жаппай қысқаруы энергетика министрі үшін табиғи процесс. Мырзағалиевті 39 мың адамның жұмыссыз қалатыны аса алаңдата қоймаған сыңайлы.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
22.12.2021
Министр жұмыстан қысқаратын азаматтарды мұнайлы өлкеде жаңа зауыттардың салынатынымен жұбатты.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Жобаның басталып аяқталатыны табиғи процесс қой. Жобалар жалғассын десек, елдің инвестициялық тартымдылығын қолдау қажет. Жергілікті атқарушы биліктің және үкіметтің міндеті осы жұмысынан босайтын адамдарды жұмыспен қамту. Келесі жылы Атырау облысында полипропилен шығаратын зауытты іске қоспақшымыз.
Энергетика министрлігі зауыт салумен қатар Қазақстандағы мұнай өндіру көлемін арттырмақ. Мәселен, 2030-жылға қарай Қашағанда қара алтынды өндіру 86-дан 104 миллион тоннаға дейін жетпек. Екі жылдан кейін Теңізде «Келешек кеңею» жобасы аясында мұнай 12 миллион тоннаға артық өндіріледі. Дәл осы жобада жұмысынан жаппай қысқаратын 39 мың қызметкер қызмет етуде. 2023 жылы жоба аяқталуы тиіс. Ал жұмысшылары келер жылы кезең-кезеңімен жұмыстарынан шығарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!