{metadescription}
Зейнетақы: Артылған ақшаға жер телімін сатып алуға болады
Зейнетақы: Артылған ақшаға жер телімін сатып алуға болады

Зейнетақы: Артылған ақшаға жер телімін сатып алуға болады

Зейнетақы қорындағы межелі соммадан артылған ақшасына жер телімін сатып алуға болады. «Отбасы банкі» жерге қатысты өтініштерді бүгіннен бастап қабылдап жатыр. Бірақ екі жылдың ішінде үй салмасаңыз қаражатыңыз қорға қайтарылмақ.

Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы:

Жерді екі мақсатта ғана алуға болады. Жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа. Екі жылдың ішінде үй салып, банкке тиісті құжаттарды жіберу керек. Екі-ақ құжатты жіберу қажет. Біреуі  үйді пайдалануға беру актісі, екіншісі  жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама. Құжат рәсімдеу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда қосымша уақыт берілуі мүмкін.

Осы айда «Отбасы банкіне» жинақтың бір бөлігін жіберуге асыққан отандастарымыз күрт көбейген. Салымшылар депозиттеріне бір апта ішінде 11 млрд. теңге аударып үлгеріпті. Қазір қордағы ақшасын депозитке құюды немесе ипотекалық қарыз мөлшерін қысқартуды көздеген 22 мың адамның өтініші қаралып жатыр. Ал, үйді толық сатып алушылар азайған.Тіпті, зейнетақы жинағын пайдалану арқылы рекордтық сомма 162 млн 400 мың теңгеге премиум санаттағы үй алған адам да бар екен. «Отбасы банк» басқарма төрайымы шарықтап бара жатқан баспана құнына қатысты болжамын да айтты. Ләззат Ибрагимованың пікірінше, келесі жылы жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсу қарқыны төмендейді. 

Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы:

- Жылжымайтын мүлік бағасы әлемнің барлық елдерінде өсіп жатыр. Мәселен, осы жылы Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде, соның ішінде Канада мен АҚШ-та баспана бағасының екі таңбалы санға көтерілген. Бағаға тек зейнетақы жинақтары ғана әсер етті деуге болмайды. Менің ойымша, енді тұрғын үй бағасының өсу қарқыны төмендейді, бұл сөзсіз. Енді 10% - ға да, екі таңбалы санға да көтерілу болмайды. Себебі 1,7 трлн теңге көлемінде зейнетақы жинақтарын негізгі пайдалану 2022 жылдың 1 сәуірінде аяқталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.