{metadescription}
Шымкентте жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды
Шымкентте жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды

Шымкентте жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды

Шымкентте жедел жәрдем жүргізушілері шу шығарды. 70 мыңның төңірегінде ғана жалақы алатындар жанармай мен қосалқы бөлшекке де ақшаны өз қалтамыздан шағарамыз деп ашулы. Науқастарға жету үшін жылдамдықты асырса, айыппұл да жүргізушілердің мойнына ілінеді.

Алайда станция басшылығы жүргізушілердің сөзін жоққа шығарды. Ал жалақы мәселесін «біз шешпейміз» деп отыр.

Таң атпай Шымкент жедел жәрдем стансасының алды азан-қазан болды. Айлықтың соңғы рет қашан көтерілгені есімізде жоқ деген жедел жәрдем жүргізушілері 70 мыңның төңірегінде ғана жалақы аламыз дейді. Олар коронавирус өршіп тұрғанда дәрігерлер мен фельдшерлердің жалақысы еселеп өскенін айтады. Сондықтан өздерінің де айлығын кемінде екі есеге көтеруді талап етуде.

Данияр Қосаев, жедел жәрдем жүргізушісі:

- Дәрігерлердің айлығы көтеріледі, біздікі көтерілмейді. Олардікі әжептеуір көтеріліп қалды. Біздікі көтерілмей, сол күйінше қалды. Әлде жүргізушілерді адам құрлы көрмей ме, түсінбеймін. Осында тұрған 90 пайызының несиесі бар. Мына алып жатқан айлық несиеге де жетпейді, азық-түлікке де  жетпейді. Бала-шағамыз ауырып жатыр, дәріге де жетпейді. 

Жүргізушілер мардымсыз жалақының өзін толық үйге апарған күніміз жоқ деп отыр. Өйткені қызметтік көліктің қосалқы бөлшегін алу, жөндету мен дөңгелегін ауыстыруға дейін мойнымызға іліп қойған дейді. Тіпті кейбірі үстіндегі формасын да сатып алған екен. Ал сырқаттарға асығып жылдамдықты асырсақ, айыппұл төлеп қана қоймай, қысым көретінін жайып салды.

Сапарғали Бектұрсынов, жедел жәрдем жүргізушісі:

- Айыппұл төлегеннен кейін тағы да маған қысым жасайды, техкеңеске  шақырады, келеміз. Не үшін айыппұлға түсесің, белгілі ғой енді, біз халыққа қызмет көрсетіп жүрміз. Мен өз бала-шағамды тасып айыппұлға түскен жоқпын ғой. Ал одан кейін енді айыппұлға түспеймін деп түсініктеме жазып бердім. Тағы да екі рет жазсам, мені жұмыстан қуады.

Қоластындағылары шулаған соң жедел-жәрдем стансасының бас дәрігері шықты. Айтуынша, қосалқы бөлшектерге ақша қарастырылған. Бірақ кейде жетпейді деп отыр. Ал жүргізушілердің шуын короновирус өршіп тұрған кезде әбден қомақты үстемақы алып үйреніп алғанымен түсіндірді. Енді сол үстемақының мөлшері азайып әрі үш ай кешіктірілген соң дау көтеріп отыр дейді.

Гүлнар Құрманбекова, Шымкент қаласы жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

- Қазан айынан бері төлемақы тоқтатылды. Бұл кісілер әбден ақшаны алып үйреніп қалған, енді шыдай алмай жатыр. Қазаннан бастап, тоқтаңыздар, шуламаңыздар.  2021 жылдың қазан айынан бастап қосымша ақы әлі алған жоқ. Өйткені біз күнде күтіп отырмыз. Бұл ресми құжатқа қол қойылмай, ақша ала алмай отырмыз. Қарашаның қорын аударған жоқпыз, мен оны мойындаймын. Өйткені зейнетақы қорын аударсақ, қарашаның жалақысына жетпейді.

Станция басшысының сөзіне жүргізушілер илана қойған жоқ.  Сондықтан даурыққан топты басуға Шымкенттің бас дәрігері келді. Ол жиналғандарды мәжіліс залына кіргізіп алып уәдені үйіп-төкті.

Бақытжан Пазилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бүкіл қосалқы бөлшекке ақшаны мемлекет төлейді. Ал енді кей жүргізушілер қалтамнан төледім дегенін қазір тексереміз. Ол өз расталса, онда құзырлы органдарға беріледі. Оны біз, жоқ, сіздердің айлықтарыңыз көтерілмейді деп қана жасап бермейміз. Міндетті түрде ол кісілердің талап арыздарын қағаз жүзінде үкіметке, қаржы министрлігіне міндетті түрде жолдаймыз.

 Басшылықтың сөзінше бірер күнде ақша түсуі тиіс. Сол кезде берілмей қалған соңғы үш айдың үстемақысын да, зейнетақы қорының жарнасын да аудармақшы. Сондай-ақ қаңтардан бастап жалақыға 15 мың теңге қосылатынын айтты. Алайда 15 мың теңгені азсынған жүргізушілер айлықты,  кем дегенде 150 мыңға көтеруін талап етуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.