Ақтауда үлескерді алдап соққан құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Ақтауда 400-ге жуық үлескерді алдап соққан құрылыс компаниясының басшысы сотталды. Ол алдағы он жылын енді түрмеде өткізеді.
Автор: Айман Нұрмағанбет
22.12.2021
«Тастемір LTD» серіктестігі 2019 жылдан бері «Гаухар тас», «Таунхаус», «Бәйтерек», «Тау Самалы» сынды тұрғын үй кешендерін саламыз деп жарнама жасап, 395 салымшымен заңсыз келісімшарт жасасқан. Ақыры баспаналы болуды армандаған азаматтар сан соғып қалды. Өйткені компания басшысы бір пәтерді бірнеше адамға сатып алдаған. Келтірілген шығын көлемі 1 миллиард 812 миллион теңгеден асады. Әбден алданған үлескерлер былтырдан бері арыздана бастаған. Тіпті баспанасын даулағандар қала, облыс әкімдігі мен соттың алдына да барды. Осы шудан кейін компания басшысы ұсталған. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Айнұр Қызылбаева, Ақтау қаласы сотының судьясы:
- Ақтау қаласы сотының + үкімімен Қоштаев Орақ Таубаевич ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!