Ақжалда эпизотиялық шектеу шаралары жарияланды – Қарағанды облысы
Қарағанды облысында ірі қара атаулының жаппай кесел жұқтыруына байланысты Ақжал ауылында эпизотиялық шектеу шаралары жарияланды. Өңірде зеңгі баба тұқымы жаппай ринотрахеит пен вирусты диареяға шалдығып жатыр. Салдарынан Шет ауданында ірі қараны вакцинациядан өткізу басталды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
22.12.2021
Малдың кеселі ең алдымен осы аудандағы Киікті елдімекенінен анықталып бір қорадан төрт сиыр арам қатыпты. Босаға ауыланан екі бас кеткен. Ветеринарлар аузы мұрнынан сілекей аққан малдан сынамалар алып сараптамаға жолдаған. Ауру атауы анықталған соң, дерт жұқтырған малды вакциналау басталады. Бір айдың ішінде аудандағы 12 мыңға жуық ірі қара егіліпті.
Ал кесел көптеп анықталған Ақжал ауылында тіпті шектеу шарасы енгізілген. Ауылдағы мал өріске шығарылмай, елдімекеннен ет сүт өнімдерін шығаруға шектеу қойылды. Дегенмен мамандар аудандағы кесел анықталған 750 бас малдың 90 пайызы аурудан айыққанын айтады.
Данияр Мерғазин, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облыстық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы:
- Ақжал кенті бойынша толығымен ветеринариялық сауықтыру іс шаралары жүргізіліп, шектеуді алудың қарсаңындамыз. Енді ветеринариялық дезинфекцияның қорытындысы бойынша қатағаттандырарлық нәтиже шықса шектеу толығымен алынып, сауықтырылды деп есептелінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!