{metadescription}
Семейде қос қабатты бес баспана орталық жылу жүйесіне қосылмаған
Семейде қос қабатты бес баспана орталық жылу жүйесіне қосылмаған

Семейде қос қабатты бес баспана орталық жылу жүйесіне қосылмаған

Семейде бір топ тұрғын тоңып отырмыз деп шу шығарды. Себебі, қос қабатты бес баспана әлі күнге дейін орталық жылу жүйесіне қосылмаған. Сондықтан барлығы пәтерлерінде көмір пеш жағып отыр. Отын тасып, күл шығарудан шаршаған жұрт үйлерді мектепке тартылған орталық жүйеге жалғауды талап етуде.

Қаз-қатар тізілген қос қабатты бес үйде 90-нан астам пәтер бар. Бүгінде тұрғындардың орталық  жылу көзінен ажыратылғанына 20  жылдай уақыт  болған. Бірі  қарапайым пеш, екіншілері шағын электр қазандығын орнатып

Бірақ тұрғындардың ешқайсысы қауіпсіздік ережесіне бас қатырмайды. Күл шығарып, көмір кіргізумен күнім өтті дегендердің бірі – Людмила Игнатенко. 88 жастағы жалғызбасты зейнеткер екінші қабаттағы пәтеріне шелек-шелек отын тасып, от жағудан мезі болғанын айтады.

 Людмила Игнатенко, Семей қаласының тұрғыны:

- Жылудың болғаны жақсы еді. Жалғыз адамғадаладан көмір тасып, от жағу қиын. Жасым болса келді. Өне бойымның барлығы ауырады. Ақшасын төлеп тұруға дайынмын.

Бұл үйлер жылу қазандығына жақын орналасқан. Тұрғындар мектепке тартылған орталық жүйеге жалғандар деп  талай табалдырықты тоздырыпты. Бірақ әзірге бүрсең қаққан халықтың мұңына құлақ асар ешкім жоқ. Ессесіне, жаттанды сөзбен қарық қылатындар көп дейді.

Динара Әбішева, Семей қаласының тұрғыны:

- Әкімшілікке неше жыл бойы бізде тұратын үлкен кісі қағаздарын жинап барды. Акиматтың бір айтатындары, бізде бюджетте ақша жоқ, анау жоқ, мынау жоқ қана. Ондан қалса қарастырамыз дейді айтатындары сол. Бәрі бір біз жылуға төлейтін ақша көмір мен ағашқа кетіп жатыр.

Жылу іздеп жиналған жұртқа атқамінерлер мен полиция қызметкерлері тайлы- тұяғы қалмай дереу келді. Дегенмен мамандар қарашаға құрғақ уәдені үйіп-төгуден жалыққандай. Олар бірден үйлердің орталық жылу жүйесіне қосылу мәселесі үлкен жұмысты талап ететінін баяндады.

Рашид Шерубаев,  Семей қаласы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Сіздердің өтініштеріңізді келесі жылы қарастырамыз. Жобаны әзірлеуге уақыт керек. Оған қаржат қажет. Ал үйлерді мектептің жылу жүйесіне жалғауға келмейді. Ол тек білім ошағына ғана арналған.

Осылайша мамандар есеп-қисаптан кейін қаражат мәселесі шешілген жағдайда жобаны әзірлеуге кіріспек ниетте. Ал оның қашан шешімін табатыны әзірге белгісіз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде