{metadescription}
Бесағашта күрделі жөндеуден өткізілген амбулатория ашылды
Бесағашта күрделі жөндеуден өткізілген амбулатория ашылды

Бесағашта күрделі жөндеуден өткізілген амбулатория ашылды

Ескіні жаңарту – денсаулықты оңалту! Бүгін Алматы облысының Бесағаш ауылында күрделі жөндеуден өткен амбулатория есігін қайта ашты.

Жөндеуге дейін сау-тамтығы қалмаған амбулатория аз уақытта түрленіп, өзгерген. Инженерлік коммуникация, кәріз, электр жүйесі толығымен алмастырылған. Ең бастысы, ауыл халқына бұған дейін қолы жетпеген қосымша қызмет түрлері көрсетіледі. Жаңа құрылғылармен жұмыс істеу үшін қосымша медицина мамандары да жұмысқа алынған.

Амбулатория қарасты Талғар ауданы ауруханасы сенімгерлік басқаруға өткен жылы берілген. Осы уақыт аралығында дәл осындай ауылдардағы ем-дом көрсететін мекеменің 26-сына жөндеу жүргізілген.

Марлан Нұрмұханбетов, сенімгерлік басқару компаниясы бас директорының орынбасары:

- Стоматология бұл жақта болмаған. УЗИ, ЭКГ аппарат ол жақта болмаған. «Центрифуга деген, оны қарапайым халық түсінбейді, бірақ ол  амбулаторияға керек заттар. Адамның жұмысын, медицинаның сапасын көтеру. Бір жылдың ішінде біз бүкіл 27 амбулаторияның ішкі жұмысын бітірдік. Енді 2022 жылға сыртқы жұмыстарын жасаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде