С.Медеубекұлының "Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары" кітабы шықты
Алматыда белгілі журналист, өнер зерттеушісі Сағатбек Медеубекұлының "Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары" атты еңбегі жарық көрді. Кітапта ғұламаның өмірі мен музыкаға қатысты зерттеулері жазылған.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
22.12.2021
Монографияның алғашқы саны былтыр жарық көрген. Оқырмандар сұранысы бойынша автор толықтырып, биыл туынды екінші рет шығып отыр. Екі жүзден аса әдебиетті пайдаланып жазылған кітапта музыканың элементтері туралы сыр шертеді. Әл-Фарабидің еңбектерін зерттей келе, дыбыс пен үннің қалай шығатыны және аспаптардың құрылымы мен құрылысы ғылыми негізде жазылған.
Сағатбек Медеубекұлы, журналист:
- Әлемді мойындатқан ең ұлы еңбегінің бірі музыка туралы үлкен кітабы. Осы кітабын әлі күнге дейін жұрт толық меңгеріп зерттеп болған жоқ. Мен сол екінші бөлімдегі музыка аспаптары туралы айтқандарын оқып шығып, өзіміздің қазақтың ұлттық аспаптарымен салыстырдым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!