Қазақстан өлім жазасынан толық бас тартты
Қазақстан өлім жазасынан түпкілікті бас тартты. Бүгін сенаторлар елдегі ең ауыр жазаны алып тастау туралы заң жобасын мақұлдап, президентке қол қоюға жіберді.
Автор: Елдос Есенбол
23.12.2021
Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі көтерген еді. Бұған дейін сенаторлар геноцид жасап әскери бүлікті бастағандарға өлім жазасын қалдыруды ұсынған. Бірақ бүгін бұл жаза түрінен толықтай бас тартты. Енді елдегі аса ауыр қылмыс жасағандарға ең жоғары жаза – өмір бойы бас бостандығынан шектеу.
Қазақстандағы осы уақытқа дейін өлім жазасы болғанымен, ол орындалмады. Оған себеп – 2004 жылы жарияланған мораторий. Содан бері ең ауыр жазаны бір ғана қылмыскер арақалады. Ол – 2016 жылы 9 адамның өмірін қиған лаңкес Руслан Күлекбаев. Бірақ кейін оның да жазасы өзгертіліп, өмірінің соңына дейін түрмеде отыратын болды.
Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Қылмыстық атқару, қылмыстық кодекстік процестерге осы жаза туралы нормалар болмайды. Осылайша Қазақстан қылмыстық жаза ретінде өлім жазасынан толық бас тартады. Сондықтан біздің елде бұл жазаны қолдану мүмкін болмаған соң, хаттаманы ратификациялау туралы заңнан ескертпені алып тастау ұсынылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!