Елімізде «Қазбиофарм» ұлттық холдингі құрылды
Қазақстанда жаңа ұлттық холдинг құрылды. Мекеме биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, биофармацевтикалық нарықты дамытуға ықпал етпек. Денсаулық сақтау министрлігі холдингтің мемлекеттік акцияларын иеленіп, пайдаланады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
23.12.2021
«Қазбиофарм» ұлттық холдингі Үкіметтің қаулысымен құрылды. Мемлекет бұрынғы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ бюджетін холдингке бағыттап, 100 пайыз қаржыландыруды мойнына алып отыр. Сондай-ақ жаңа мекемеге білім және ғылым министрлігіне қарайтын бірнеше нысан берілмекші. Яғни отандық QazVac препаратын жасаған Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық биотехнология орталығы, Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы енді холдингке бағынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!