{metadescription}
Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуге асықпайды
Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуге асықпайды

Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуге асықпайды

Ауыл шаруашылығы министрінің отставкаға кетуін талап еткен шаруаларға министрдің өзі жауап қатты. Ербол Қарашөкеев жылы орнын босатуға асықпайды. Атуынша, отставка - жеке басының шаруасы емес.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Үкімет мүшесі болғаныммен, менің отставкам өзімнің, жеке басымның сұрағы емес. Оны енді мемлекет басшысы шешеді, оны бастықтар шешеді.

Күні кеше Қазақстанның әр жерінен жиналған фермерлер жаздағы қуаңшылықтың зардабымен әлі күресіп жүргенін, сондай-ақ мал шаруашылығындағы қиындықтарды айтып ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимаратына жиналған болатын. Қызды-қыздымен тіпті Қарашөкеевтің орнынан кетуін талап етті. Алайда төрт сағат фермерлерді тыңдаған министр оларға отставканы ұмыттырып, мәселелерін шешуге уәде берді.

Шаруалар, әсіресе маңғыстаудағы ағайын жаздағыдай қазір де мал азығынан тарығып отыр. Бар болғанның өзінде тым қымбат. Ал Үкіметтен жем-шөпке деп бөлінген екі миллиард теңгенің 700 миллионын министрлік мемлекетке қайтаруға мәжбүр болған. Бұған басты себеп – субсидия туралы мүлдем білмеген шаруа қожалықтары өзіне тиесілі төрт түлікті заңды тіркемепті. Сол үшін де бірреттік ақшалай көмекті алған. Тіркелгендерінің кейбірі сатылып кеткен. Жауапты орган бүгінде мал ұстап отырғандарға «Жасыл дәліз» жобасын пайдалануға кеңес береді. Жоба аясында бір ғана Маңғыстау өңірінен 73 мыңға жуық ірі қара, 32 мыңнан астам ұсақ мал, 29 мың жылқы мен 8 мыңдай түйе тіркелген.

Асқар Жақыпбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы:

Субсидия алу үшін мал тіркелуі керек. Әр мал иесінің міндеті – мал туғаннан кейін жеті күн ішінде тіркеп, сырғасын салғызып, паспортын алып, ИСЖ жүйесіне тіркеу керек. Сол үшін Үкімет мал дәрігерлерін ұстап отыр, оларға жалақы төлеп отыр. «Менің малым бар, осыны тіркеу керек» деп өзі келіп айтуға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде