Ақтөбеде көктайғақта жазым болғандар көбейді
Ақтөбеде көктайғақта жазым болғандар көбейген. Дәрігерлер аяқ-қолы сынғандарды қабылдап үлгермей жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
23.12.2021
Абзал Қадырбаев, Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының травматолог-дәрігері:
- Күн қатырып тастап, көктайғақ басталды. Ауруханаға науқас түсу екі есе көбейді. Үлгере алмай жатырмыз. Науқас көп. Жедел жәрдем алып келіп жатыр. Өз көлігімен де келіп жатқандар бар.
Облыстық аурухананың травматология бөліміне бір түнде 18 науқас түсіпті. Барлығы мұзда тайып аяқ-қолын сындырғандар. Ал таңнан бері қанша адамды қабылдап, нешеуіне ем көрсеткенін дәрігерлер санап үлгермей жатыр. Қабылдауға келген әрбір бесінші адамды ауруханада қалдыруға тура келеді. Олардың көпшілігі зейнеткерлер екен.
Екі күн қатарынан Ақтөбеде қар алас жаңбыр жауып, артынша аяз тұрған. Содан бері мұз қатқан тротуарларды коммуналшылар тазартқан емес. Тұрғындар, ең болмаса, топырақ сеуіп тастаса дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!