Жан-жануарға қорлық көрсеткен фото/видеоны жариялауға тыйым салынды
Енді жан-жануарларға қорлық көрсеткен фото/видеоларды желіде жариялауға болмайды. Тіпті бұндай жағдайларды көрсетуге бұқаралық ақпарат құралдарына да тыйым салынады.
Автор: Елдос Есенбол
23.12.2021
Бүгін сенаторлар осындай өзгеріс енгізілген заң жобасын мақұлдады. Ал заңның жай-жапсарын түсіндіруді сұраған журналистер сұрағына экология министрі Серікқали Бірекешовтың жауабы тым қысқа болды.
Серікқали Бірекешов, ҚР Экология, геология, табиғи ресурстар министрі:
- Видеокадрларды да жариялай алмаймыз ба?
- Заң жобасы осылай ұсынылып отыр.
Жануаларды қорғайтын жаңа заң депуттардың өзінен басқа ешкімге түсініксіз. Өйткені қорғансыз жануарға зәбір көрсеткен видеолар желіде тарағаннан кейін ғана көпшілік бас көтеріп қатыгездерді жазалауды талап еткен. Енді бұл бастама күшіне енсе, бұзақылардың әрекеті тасада қалып қойма ма деген күдік басым. Сенаторлар жануарға зәбір көрсеткендерді көзіңіз шалса, жергілікті жауапты мекемеге хабарлаңыз дейді. Сондай-ақ 2023 жылдан бастап иелері үй жануарын тіркетіп, арнайы чип та орнатуы тиіс.
Мұхтар Жұмағазиев, Сенат депутаты:
- Қоғамға теріс әсерін тигізеді деп ойлаймын. Бала да қарайды, үлкен кісілер де қарайды, денсаулығы жоқ адамдар да қарайды. Сондықтан осы тұрғыдан норма енгізілді деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!