{metadescription}
Ақтөбеде арнайы жасақпен әккі ұры – сыған әйелдер ұсталды
Ақтөбеде арнайы жасақпен әккі ұры – сыған әйелдер ұсталды

Ақтөбеде арнайы жасақпен әккі ұры – сыған әйелдер ұсталды

Ақтөбедегі базарларда кісі тонаумен айналысқан әйелдер ұсталды. Олар тұрғындардың қалтасын қағып, алтын бұйымдарын үптеп кетіп отырған. Әккі ұрыларды ұстауға арнайы жасақтың көмегі қажет болды.

- Тыныш, менің рұқсатымсыз есікті ашпа.

- Сіздің қақыларыңыз жоқ. 

- Қара, мынаның бәрі алтын. Дұрыстап қарайық. Куәгерлер, көрдіңіздер ме, бәрі сөмкеден шықты ...

Баспанасын тінту кезінде әйелдердің дорбасынан қаптаған алтын шыққан. Күдікті оны сыған зергерлеріне тапсырыс беріп сату үшін алдық деп бой берер емес. Бірақ сақина, сырғаларды тұрғындарды арбап алғаны белгілі болды. Қос келіншектен жиырмадан астам ұялы телефон, 100-ге жуық флешкарта, 10 шақты әмиян тәркіленді. Онымен қоса есірткі де табылды. Сыған әйелдерге алданған тұрғындар қазір іздестіріліп жатыр. Полиция бөлімшелеріне келіп, ұрланған заттарын танып әкетуіне болады.

Сабыржан Дәуренбеков, Ақтөбе облысы ПД криминалдық бөлімінің бастығы:

- Қазір тәркіленген заттар мен заттардың бір бөлігі ашылмаған қылмыстық істер бойынша ұрланған мүлік ретінде өткені анықталды. Күдікті тұлғаларға қамауға алу, бұлтартпау шарасы тағайындалды. Барлық полиия бөлімдеріне тәркіленген заттардың фотосуреттері жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде