Ақтөбеде қарағай күзеткен қорықшылар орманға түнеуге мәжбүр
Ақтөбеде қарағай күзеткен қорықшылар орманға түнеуге мәжбүр. Жаңа жыл қарсаңында аядай жердегі ағаштан айрылып қалмау үшін тәулік бойына кезекшілік атқаруға кіріскен. Өйткені бұл өңірде қылқан жапырақтылар жөнді өспейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
23.12.2021
Марат Құспанов, Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесінің директоры:
- Күні-түні кезекшілікте отырмыз, орманшылар. Түнде де шығады. Видетүсірім, фото есептері де бар. Участок қой. Басқа участіктердегі орманшылардың бәрін осыған жұмылдырдық.
Ақтөбе облысында шырша мүлдем шықпайды. Ал қарағай өскен аймақ 30 гектар ғана. Осы аумақты күзету үшін өңірдегі барлық орманшыны жинаған. Жаңа жыл жақындағанда балтасын асынғандар орманға үйір болады дейді қорықшылар. Енді олар екі аптаның тез өткенін тілеп жүр. Ал тәртіп сақшылары базар мен сауда нүктелерін бақылауға алған. Шырша мен қарағай көрсе, саудагерге жетіп баратын болыпты. Әзірге Ақтөбеге қылқан жапырақты ағаштар көршілес Ресейден жеткізіліп жатыр.
Серік Елеуов, Ақтөбе облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторы:
- Құжатын тексереміз. Фитосанитарияны да тексереміз. Сосын тауар, көлік құжатын. Ақтөбе облысында шырша өте аз өседі. Оның бәрін Ресей Федерациясынан әкеліп жатыр. Қазір сегіз факті анықталды. Саудаға тыйым салған жерден.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!