Көмек қажет: Алты жасар Айару күн сайын нашарлап барады
Шымкентте қызы ауыр дертке шалдыққан жалғызбасты ана қайырымды жандардан көмек сұрайды. Алты жасар Айару Қадырдың екі бүйрегі жұмыс істемейді. Тәулігіне 20 сағат диализ апаратына қосулы жататын балақайдың хәлі күн өткен нашарлап барады.
Автор: Бек Әбиев
23.12.2021
«Көзі мен жүрегі нашарлап, сүйегі де де қисайып барады» - дейді анасы. Арман болған донор Түркиядан табылыпты. Бірақ трансплантацияға 11 миллион теңге керек. Ал пәтер жалдап жалғыз қызының жанынан бір сәт те ұзай алмайтын жұмыссыз әйелде бұл қаржының бір пайызы да жоқ.
Туғаннан созылмалы бүйрек дертіне шалдыққан Айарудың былтыр екі бүйрегі де істен шыққан. Содан бері қайырымды жандардың көмегімен алынған үйдегі диализ апаратында қосулы. Медициналық білімі бар анасы Мақпал Алтынбекова қасынан кетпейді. Бүйректері істемейтін қызына дәрілерін береді, тиісті ем-домын жасап жүргенде «Түркиядан донор табылды» деген қуанышты хабар жеткен. Ол үшін Айарудың анасы өзге науқас балаға өзінің бүйрегін беру керек.
Мақпал Алтынбекова, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Қызымда туғаннан қойылған диагноз, мен берген күннің бүйректі ағза қабыдамауы мүмкін. Сол үшін мен ол жақтан басқа донор таптым Түркия елінде. Мен оның 13 жасар баласына өз бүйрегімді берем, оның 47 жастағы мамасы менің қызыма береді. Өзара донорлыққа қуана-қуана келістім. Ал енді мен ондай мүмкіндікті жіберіп алсам, ондай донор қашан келеді маған? Бола ма, болмай ма... Менің қызым күннен-күнге нашарлап бара жатыр.
Бүйрегі істемейтін қыздың қан қысымы өте жоғары, көзі де күн өткен сайын нашарлап, диализде көп жатқандықтан ағзадағы кальций шайылып, аяқ сүйектері де қисайып барады. Сондықтан Айарудың анасы 27-желтоқсанға дейін 11 миллион теңге жинап, науқас қызымен бірге Түркияға аттануы керек. Бірақ қызы ауру болған соң күйеуі тастап кеткен жалғызбасты анада соқыр тиын жоқ. Сондықтан қайырымды жандардан көмек сұрайды.
Мақпал Алтынбекова, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Құрметті қазақ елі, қызыма көмек қолын созсаңыздар. Сіздер үшін кішкентай болса да, маған үлкен көмек. Бір теңге, 100, 200 теңге салсаңыздар да, маған көп көмек сол. Қызыма көмектессеңіздер. Қызымды аман алып қалуға атсалыссаңыздар, барлығыңыз.
Ал балалық шағын тек аурухана мен үйдегі аппаратқа таңулы өткізіп келе жатқан бүлдіршін не тәтті, не тұзды тағамның дәмін көрмеген. Қуыршағын емдеп ойнайтын қыз өскенде дәрігер болғысы келеді.
Айарудың анасы қызының аяғынан тұрып кетуіне жомарт жандар қол ұшын созады деп сенеді. Ал Айаруға көмек беретін қайырымды жандар болса, төменде көрсетілген реквизит арқылы аударым жасауға болады.
8-747-120-58-89 МАҚПАЛ АЛТЫНБЕКОВА
КАСПИ: 4400 4301 6167 3022
ХАЛЫҚ БАНК: 4390 8722 0552 8195
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!