{metadescription}
Елордада «Елбасы медалінің» иегерлері анықталды
Елордада «Елбасы медалінің» иегерлері анықталды

Елордада «Елбасы медалінің» иегерлері анықталды

Елордада «Елбасы медалінің» иегерлері анықталды. Мыңнан аса қатысушының арасынан үздік шыққандар қатарында мектеп оқушылары, студенттер және әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген жастар бар.

«Елбасы академиясы» мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастыруымен іске асырылып келе жатқан жобаға ел бойынша 20 мыңнан астам адам өтінім берген. Оның 20 пайыздан астамы – ауыл жастары. Жоба басталған күннен бастап бүгінге дейін алты мыңнан астам адам медаль иегері атанған.

Тоқтар Болысов, Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры:

- Егер оқушы мектеп бітіріп келсе, ҰБТ тапсырған кезде немесе университетке құжат тапсырған кезде ол грантқа ие болуға лайық болады. Неге десеңіз «Елбасы медаліне» қатысқандарға бөлек квота бар. Қола медальді қарайтын болсаңыз, ол үшін жас адам алты ай бойы тапсырма орындауы керек. Күміс медаль үшін 12 ай қатысуы керек. Алтын медальға – 18 ай.

Осы уақыт ішінде қатысушылар волонтерлық, мәдениет, спорт, еңбек, кітап оқу бағыттары бойынша түрлі тапсырмаларды орындап шеберлігін шыңдады. Олардың тиянақтылығын тексеру үшін әрқайсына жеке жетекші бекітілген. Күн сайынғы фото, видео есебін арнайы телефон бағдарламасына жүктеп отырады. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қола және күміс медалдың иегерлері марапатталды. «Ендігі мақсатым – алтын жұмыс жасау дейді марапат иесі», - дейді опера әншісі Алтынбек Әбілда.

Алтынбек Әбілда, «Елбасы медалі» иегері:

- Өзім өнер саласынан болғандықтан «Дарын мен дағды» бағыты маған өте жақын болғандықтан, сол бағыт ұнады. Және соның ішінде тағы атап өтетін бағыт – кітап оқу бойынша, әлемдік классикадан кітаптар және өзіміздің алтын қорымыздан кітаптар оқыдым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде