{metadescription}
Балабақшаның 54 миллионын ұрлаған есепші сотталды
Балабақшаның 54 миллионын ұрлаған есепші сотталды

Балабақшаның 54 миллионын ұрлаған есепші сотталды

Жамбыл облысында балабақша қаражатын жымқырған қызметкерге қатысты сот үкімі шықты. Мектепке дейінгі мекеменің 54 миллион  теңгесін үптеген маман 6 жылға түрмеге жабылды.

Сарысу ауданындағы «Ақбота» бөбекжайының бюджетіне тікелей жауапты қызметкері төрт жыл бойы ақша ұрлап келген. Яғни ол мектепке дейінгі мекеменің қаржысын өзінің банк картасына тұрақты аударып отырған. Сөйтіп жалпы сомасы 54 миллион теңгені қалтаға басып шалқып өмір сүрсе керек. Қылмыскердің қитұрқы әрекеті мекеменің қаржы операцияларын тексергенде барып әшкере болған. Ол енді істеген ісі үшін алты жылға түрмеге қамалды. Сотталушы мемлекетке келтірген шығынның бір бөлігін, яғни 18 миллион теңгесін қайтарып берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.