{metadescription}
Батыс Қазақстан: Қар. Дауыл. Ескерту
Батыс Қазақстан: Қар. Дауыл. Ескерту

Батыс Қазақстан: Қар. Дауыл. Ескерту

Батыс Қазақстан облысы қыстың қаһарын сезе бастады. Кешелі бері өңірге бір айлық қар түскен. Тіпті қатты дауыл тұрып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті. Мыңдаған тұрғын электр жарығынсыз отыр.

Ал Ақтөбе облысында  ақ түтек боран. Полиция тұрғындарға ұзақ жолға шықпауды ескертуде.

Данияр Кенжебай, Ақтөбе облысы ПД инспекторы:

Боран. Жолдың көктайғақ болуына байланысты жол көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында өз қауіпсіздіктеріңіз үшін елдімекендерден алыс жолға шықпауларыңызды сұраймыз.Жол ережелерін қатаң сақтаңыздар.

Ақтөбеде ақ түтек боран. Ауа райы сан құбылып, жолды  біресе ашып, біресе жабуға тура келген. Оның үстіне көктайғақ. Қалада коммуналдық қызмет үсті- үстіне жауған қарды тазартып үлгермей жатыр. Кеше ғана қарсыз отырған қалаға әп сәтте 12 сантиметр ақ ұлпа түскен.

Батыс Қазақстан облысында да ауа  райының күрт өзгеруі біраз қарбалас туғызды. Құтқарушылар, жол қызметі мен энергетиктерге тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Өйткені қатты соққан боранды дауыл бес қабатты үйдің  шатырын жұлып кеткен. Мыңдаған адам электр жарығынсыз отыр.

Қарашаған кенішінде мұнай өңдеу мен экспорттау жұмысы да ауа райына байланысты тоқтап қалды. «Электр жүйесіндегі ақау жақын арада жөнделеді»- дейді энергетиктер. Түнде құтқарушылар қар құрсауынан 20-дан аса автокөлік пен 33 адамды аман алып шыққан. Қазір қала ішілік жолдарды қардан тазартумен 250 адам айналысып жатыр. Бірақ үлгермей жатыр.

Жандос Дүйсенғалиев, Орал қаласы ТКШ бөлімінің басшысы:

- Кейбір техникаға білікті көлік жүргізушісіне тапшылық бар. Мысалы, бізде «Анкадор» жаңа 6 техника бар. Кеше түнде тек қана төртеуі шықты. Неге десеңіз, бізде оны айдайтын жүргізуші, білікті маман тапшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.