{metadescription}
Таразда вагонның үстінде жасөспірімді тоқ соғып өлтірді
Таразда вагонның үстінде жасөспірімді тоқ соғып өлтірді

Таразда вагонның үстінде жасөспірімді тоқ соғып өлтірді

«Тик-токқа» түсемін деп тоққа түсті. Таразда вагонның үстіне шығып видео жазбақ болған 15 жастағы жасөспірімді тоқ ұрып өлтірді.

Жоғары кернеулі қуат 9 сынып оқушысын өртеп жіберген. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Онда вогонның үстінде жансыз жатқан баланың денесі анық көрінеді. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, бас-аяғы мұнда үш оқушы жүрген. Екеуі вагоның үстіне видео түсіруге шығыпты. Біреуін сол сәтте тоқ ұрып, тірідей жанып кеткен. Ал екіншісі биіктен қарғып үлгеріпті. Қазір оқыс оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Аслан Дүйсенбаев, Тараз станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

- Аталған дерек Тараз станциясы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 341-бабы, 2-бөлігімен тіркелді. Адам өліміне әкеп соққан теміржол көлік қозғалысы қауіпсіздік қағидаларын бұзу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде