{metadescription}
ЖЭО-да болған апатта 27 жастағы жігіт күйіп қалған – Петропавл
ЖЭО-да болған апатта 27 жастағы жігіт күйіп қалған – Петропавл

ЖЭО-да болған апатта 27 жастағы жігіт күйіп қалған – Петропавл

Петропавл қаласындағы Жылу электр орталығында болған апатта бір жұмысшы зардап шекті. 27 жастағы жігіттің денесінің 40 пайызын күйік шалған. Екі күн бойына не растамай, не жоққа шығармаған бұл ақпаратты тек бүгін ресми жариялады.

Жанна Мауытова, Петропавл қаласы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері:

Бізге түскен кезде оны травматолог, терапевт, анестезиологтар қарады. Бірден жансақтау бөліміне жатқызу туралы шешім қабылданды. Беті, мойны, қолы, белі мен аяғы ыстық буға күйіп қалған. Қазір сырқат қарқынды терапиядан өтіп жатыр. Есін біледі, өздігімен демала алады.

Зардап шеккен азамат ауруханаға төрт күн бұрын түскенімен, тек бүгін ғана мәселенің мән-жайы белгілі болды. Оның өзінде, әзірге төтенше жағдайдың егжей-тегжейі айытылмады. Еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзуға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

Демалыста Петропавлда жылу-электр орталығында болған апат салдарынан бірнеше қазандық істен шыққан. Сол себепті энергетиктер пәтерлерге жылу беру қуатын азайтуға мәжбүр болды. Облыстық әкімдік 25-желтоқсан күні екі қазандық істен шыққанын жеткізді. Мамандар: «Бар гәп олардың ескіргенінде, қысымға шыдамай тесілген» - дейді.

Биыл Петропавлдағы жылу электр орталығында осымен екінші рет апат тіркелді. Қараша айының басында да бірнеше қазандық істен шығып, 50 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде