Тұңғыш Президент музейі саябағында балаларға жаңажылдық алаң ашылды
Балаларға базарлық! Елордалықтар мен қаланың кішкентай қонақтарына Тұңғыш Президент музейі тұрған аумақтағы саябақта жаңажылдық алаң ашылды.
Автор: Әзиза Ғазезқызы
27.12.2021
Алаңда балаларға арналған сырғанақ бар, шағын мұз айдынында коньки тебуге болады. 3D форматында суретке түсуге мүмкіндік бар. Барлық келушілерге ойын алаңдары тегін. Сегіз күндік демалысқа орай арнайы бағдарламамен концерт ұйымдастырылады. Аниматорлар ерекше көңіл күй сыйлайтын шоу дайындап қойыпты. Бл күндері Тұңғыш Президент музейін тегін тамашалауға болады.
Александр Бихерт, Нұрсұлтан Назарбаев қоры Damytu ortalygy директоры:
- Бір жыл бұрын саябақтағы алаңды көркейтуді қолға алдық. Былтыр Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен осында үлкен мұз айдыны салынды. Ол тұрғындарға ұнап, қонақтар саны көбейе бастады. Оған дейін мұнда келушілер аз еді. Қазір жаңадан музей салынды, көркейту жұмысы басталды, жанымыздағы тұрғын үйлерге адамдар көшіп келіп жатыр. Осылай саябақ жанданып келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!