{metadescription}
«ҚазМұнайГаз»: Атырауда 500-ден астам жұмыс орны пайда болады
«ҚазМұнайГаз»: Атырауда 500-ден астам жұмыс орны пайда болады

«ҚазМұнайГаз»: Атырауда 500-ден астам жұмыс орны пайда болады

Атыраудағы полипропилен өндіретін газ-химиялық кешеннің негізгі құрылысы аяқталып, алдын ала іске қосу, реттеу жұмысы басталды. Жобаны басқаратын «ҚазМұнайГаз» мұнай, газ, химия саласына бағыт бұра отырып, көмірсутекті терең өңдеуге көше бастады.

Бүгінде зауыт алаңына 36 вагонмен өндіріске қажетті негізгі шикізат - пропан әкелініп қойған.

KPI серіктестігі салған газ-химиялық кешеннен шыққан полипропилен еліміздің қажеттілігін өтей отырып әрі қарай дүниежүзіне экспортталады. Құрылыс кезінде 165 мың текше метр бетон құйылып, 261 шақырым арнайы құбыр тартылған. Әлемдік стандартқа сай тұрғызылған алып зауыт жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруді көздеп отыр. 

Асхат Қазенов, KPI ЖШС өндіріс жөніндегі директоры:

Құрылысты бітірдік. Бүкіл энерго ұорлар KPI-ға қабылданды. Электрэнергия, ауа, су - бәрін қабылдадық.Негізгі құрылыста қазақстандықтар жұмыс істеп жатыр. Құрылыста шамамен 40 компания Қазақстаннан болды. 2022 жылдан бастап іске қосылып, жөндеу жүргізіледі. 500-ден астам жұмыс орны пайда болады.

Газ-химия кешенінің құрылысы карантин кезінде де бір сәтке тоқтаған емес. Еліміздегі 40-тан астам кәсіпорын дәл осы нысанның салынып бітуіне бір кісідей атсалысқан.   

Болат Әбдуәлиев, «KPI» ЖШС жобалау және құрылыс бойынша басқарушы директоры:

- Зауыт барлық экологиялық заңға сай. Бізге келетін пропан ТШО-дан барлық зиянды қоспалардан тазаланып келеді. Зауыттан ешқандай күкірт сутегі және хош иісті көмірсутектер бөлінбейді. Зауыт қосылғаннан кейін цифрлануға сай зауыт болады.

Пропан Оңтүстік Кореядан арнайы әкелінген сыйымдылығы 2500 текше метр болатын тқрт резервуарда сақталады. Жобаны жүзеге асырудағы маңызды қадамның бірі - мұнай химиясы саласының ірі өкілі «СИБУР» компаниясымен қол жеткен стратегиялық серіктестік. Серіктес компанияның тәжірибесі мен құзыреті «ҚазМұнайГаз» компаниясына Қазақстан өнімін жаңа нарыққа шығаруға жол ашады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.