{metadescription}
Алматы облысы: Автобус пен жеңіл көлік соғылысып, үш адам ажал құшты
Алматы облысы: Автобус пен жеңіл көлік соғылысып, үш адам ажал құшты

Алматы облысы: Автобус пен жеңіл көлік соғылысып, үш адам ажал құшты

Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік бетпе-бет соғылысып, жол апатынан үш адам ажал құшты. Ауруханаға түскен төрт жолаушының екеуі ауыр халде жатыр.

Тимур Құрбанбаев, Алматы облысы Жамбыл ауданы орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Жасанды желдету аппаратына қосылған. Екі науқасқа да шұғыл түрде күрделі операциялар жасалынып, қазір екі науқастың жағдайы өте ауыр. Жеңіл көлік жүргізушісі 25 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Жігіт те бірнеше жерінен жарақат алып, бөлімшеде ота жасалынып, балтыр сүйектерінің сынуына байланысты ота жасалынып, қазір хирургия бөлімінде емделіп жатыр.

Апат Алматы - Бішкек тас жолында түнгі сағат ондар шамасында болыпты. Mercedes Benz жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Алдынан іші жолаушыға лық толы автобус шығады. Соққының қатты болғаны соншалық, Mercedes-Benz қоғамдық көліктің астында жаншылып жатыр. Құтқарушылар шашылған темірдің арасынан қысылып қалған бойжеткенді әзер шығарып алыпты. Қаза тапқандардың ішінде жеңіл көлік жүргізушісінің келіншегі де бар.

Әбілтай Әбенов, Алматы облысы ПД баспасөз қызметкері:

- Жеңіл автокөлікте 6 адамның үшеуі оқиға орында қайтыс болса, үш адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Автобус жолаушылары жол көлік оқиғасы кезінде зардап шекпегенін атап өтеміз.  ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде