{metadescription}
«Киндер» төлқұжат мерзімі қысқартылуы мүмкін
«Киндер» төлқұжат мерзімі қысқартылуы мүмкін

«Киндер» төлқұжат мерзімі қысқартылуы мүмкін

Қазақстанда «киндер» төлқұжаттың мерзімі қысқартылуы мүмкін. Өйткені балалар тез өсіп, түрі ек-үш жылда адам танымастай өзгереді екен. Ал ата-аналар паспортты әр шетелдік сапар алдында ауыстыруға мәжбүр. Бұл отбасыға біраз шығын.

Мәжіліс депутаттары бүгін «киндер» төлқұжаттың жарамдылық мерзімін қысқартуды ұсынды. Оны баланың жасына қарай жасау керек деп есептейді. Мәселен, 12 жасқа дейінгі кішкентай қазақстандықтар құжатын бес жыл ұстаса жеткілікті. 12 жасқа толғандар төрт жылдан кейін паспортын ауыстырса болады. Ал кәмелет жасындағылар үшін төлқұжат мерзімі 10 жылға дейін жарамды. 16 жасқа толған жасөспірімдер құжат жасату кезінде мемлекеттік алым мөлшерін енді екі есе аз төлеуі мүмкін. Депутаттар 24 мың теңгеден 12 мыңға дейін түсіру керек дейді. Сондай-ақ шетелге көп сапар шегетіндерге төлқұжат бетін 48 бетке көбейту көзделіп отыр. Оның бағасы 12 айлық есептік көрсеткішке қымбаттайды.

Ерлан Смайылов, Мәжіліс депутаты:

- Төлқұжатта негізі 36 бет бар. Біз соған тағы 12 бет қосу керек деп санаймыз. Ол шетелге көп шығатындарға керек. Қосымша беттер 20-30 сапарға жетеді. Тиісінше, сол 12 бет үшін қосымша ақы алынады. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалмақ. Ешқандай да Конституция негізі, азаматтық, төлқұжаттар туралы заң бұзылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде