{metadescription}
Алматыда қоғамдық көліктер соғылысып, 20 жолаушы жарақат алды
Алматыда қоғамдық көліктер соғылысып, 20 жолаушы жарақат алды

Алматыда қоғамдық көліктер соғылысып, 20 жолаушы жарақат алды

Алматыда таңғы қарбаласта қоғамдық көліктер соғылысып, 20 жолаушы жарақат алған. Миы шайқалып, аяқ-қолы сынған 13 адам ауруханаға жеткізілді. Жол апатына бір жүргізушінің рөлге ие бола алмағаны себеп болған.  

Полицияның хабарлауынша, ол аялдамада тоқтап тұрған автобусты озып өтпек болғанда жанындағы кедергі келтірген жеңіл машинаны байқамай бар екпінімен соғылған. Оқиға орнына барған тілшіміз барып келді.

Жол апаты таңғы 9-да Тәтібеков пен Серпер көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің сөзінше, №203 бағыттағы автобус жоғарғы жылдамдықпен аялдамада  тұрған №4 қоғамдық көлікті айналып өтпек болады. Алайда артынан жеңіл көліктің жүріп келе жатқанын көріп, оған соғылмас үшін рөлді тез оңға қарай бұрып жіберген. Қатты соққыдан алдындағы автобусқа жапсырылып тас-талқаны шыққан.

- Ішіне қара, ішіне дейін быт-шыт болып жатыр. Жан-жақтың барлығы қан.

Соққыдан кейін жүргізушісі есінен танып қалса, жолаушылар алдыңғы әйнекке ұшып кеткен көрінеді. Таңғы уақытта лық тола автобустың 20 шақты жолаушысы жарақат алған.

Нұрқанат Керімжан, №4 автобус жүргізушісі:

- Енді жылжи беріп едім, артымнан автобус ұрды. Қарасам, ішіне адамдар жабысып қалған. Жүргізушінің өзі де миы шайқалған. Біреуінің аяғы сынды. Біреуінің тісі, көп адам... Бір қызды тіпті ауыр жағдайда көтеріп алып шықтық. Бірақ сөйлеп, дірілдеп тұр.

Оқиға орнында, жолаушылардың қан-жоса болған бет-аузын сүрткен дымқыл шүберектер де жатыр. Ал дәрігерлер ауыр жағдайдағы науқас болмағанын айтады. Барлығын амбулаториялық емдеуге жіберген.

Бекзат Бейсенов, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының травматолог-ортопеді:

- Біздің ауруханаға 8 науқас түсті. Дәрігерлерге қаралып толық тексерілді. Тұрғылықты жеріндегі емдеу орнына ауыстырылды. Науқастар басынан жарақат алған, миы шайқалған. Содан соң жұмсақ тін жарақаты. Ауыр науқас болған жоқ.

Ауруханаға 13 адам жеткізілген. Жеңіл жарақат алғандары емдеу мекемесіне  бармапты. Ал полицейлер 4-ші бағыттағы автобус жүргізушісінің рөлге ие бола алмай сырғанап барып соғылғанын айтады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Алдын ала мәлімет бойынша қоғамдық көліктің тізгінінде отырған ер адам рөлге ие бола алмай, өзінің сөзіне сүйенсек, жолдың тайғақтығынан қаңтарылып тұрған тағы бір қоғамдық көлікті қағып кеткен. Қазір жолаушылардың арасынан 10-ға жуық азамат медициналық көмекке жүгінді. Олардың дене жарақаттарының ауырлық деңгейін арнайы сараптама айқындайтын болады. Осы істі өз өндірісіне Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алды.

Тас-талқаны шыққан автобусты аялдамадан сүйреп әкетті. Шашылған әйнектер мен сырғанаған дөңгелектің ізі әлі жатыр. Ал құзырлы органдар бұл оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдарын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.