{metadescription}
Экологияға орасан залал келтірген кәсіпкер жазадан құтылып кетті     
Экологияға орасан залал келтірген кәсіпкер жазадан құтылып кетті     

Экологияға орасан залал келтірген кәсіпкер жазадан құтылып кетті     

Ақтөбе облысындағы атышулы шошқа шаруашылығының қожайыны жазадан құтылып кетті. Миллионер Гайк Тертерян қоршаған ортаны ластағаны үшін айыпталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Бірақ бизнесмен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа іліккен.

Гайк Тертерянға қатысты сот процесі жарты жылға созылды. Ол үкім шыққанға дейін өз кінәсін мойындамады. Бірнеше рет отырысты кейінге шегеруді сұраған. Ақыры судья 71 жастағы бизнесменнің жасын ескеріп ең жеңіл жаза тағайындапты. Яғни бір жарым жылға еркіндігі шектеліп, Ақтөбе аумағынан шықпауы керек болған. Бірақ енді рақымшылыққа іліккен оған бұл жаза да қолданылмайды. Ал оған салынған 7 миллиард теңгеден астам айыппұлды сот орындаушылары өндіріп жатыр.

Қазір оның фермасындағы талпақ танауды жаппай сатылымға қойған. Осыдан бір жыл бұрын Бестамақ ауылының тұрғындары шошқа фермасын жабуды  талап етіп наразылық ұйымдастырған. Кейін тексеру барысында шаруашылықтың шошқа өлекселерін, қан-жынын ауыл іргесіне көміп, өзен бойына ағызғаны белгілі болды. Бірнеше жыл бойы осылай экологияға орасан зор залал келтірген.     

Анар Айтжанова, Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы:

- Тертерян қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, комерциялық ұйымдарда басшы лауазымын атқару құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Рақымшылық жасау  актісінің енгізілуіне байланысты Тертерян бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан босатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.