{metadescription}
Диқандар: 15 миллион гектардай жер қайтарылсын
Диқандар: 15 миллион гектардай жер қайтарылсын

Диқандар: 15 миллион гектардай жер қайтарылсын

Қазақстандық диқандар астық алқабын кеңейтуді сұрап отыр. Олар үш жыл бұрын болған 15 миллион гектардай жер қайтарылсын дейді. Алқап көлемі кеңейсе, көп өнім алатынына, ұн мен нанның қазіргідей қымбаттамайтынына сенімді.

Үкімет биыл диқандарға астық егуге 2018 жылға қарағанда екі миллион гектардай аз жер берген. Қазақстанның астық одағы да министрлер кабинетінің диқандарды қолдамайтынына налыды. Одақтың сарапшылары шаруаларды арзандатылған жанар-жағармаймен қамтып, қолдауға берілетін несиені арттыру керек деген пікірде.

Әйтпесе ел нарығын Ресейдің арзан бидайы жаулап, қазақстандық диқандар құрдымға кетуі мүмкін. 

Баға қымбаттап екі жылдан бері коронавиру пандемиясынан қиналып келген диқан болсын, астық саласындағы  кәсіпкер болсын, биылғы құрғақшылықтан есеңгіреп қалды. Бірақ Үкімет қарап қалмай несие, тұрақтандыру қорынан қажеттіні беріп қарық қылып отыр. Оралдық наубайханашылар  солардың бірі. «Ұн қымбаттамасын» деп, әр күні жанын шүберекке түйіп отырады.

Олег Талецкий, «Желаев нан» наубайханасының иесі:

- 21 жыл нарықта жұмыс істесек те, амалын тауып қалай да қиындықтан шығуға тырысып келеміз. Қарқынымыз бұрынғыдай қатты емес, бірқалыпты. Тұрақтандыру қорынан арзан бағамен бірінші сұрыпты ұн алып отырмыз. Соның арқасында нан бағасы қымбаттаған жоқ. Сауда нүктелерімізді толық көлемде нан, нан өнімдерімен қамтып отырмыз. Көктемгі егіс жақсы өнім береді деп сенемін. Ұн мен нан бағасы шарықтаса, бізге қиын.

 Ұн мен нан бағасы аспандап кетпесі үшін Қазақстан астық одағы көктемгі егіске қазірден бастап білек сыбана кірісу керек дейді. Үкіметтен шаруаларды қолдауға бөлінетін несие сомасын көбейтіп, арзан жанар-жағармаймен, тыңайтқыштармен қамту қажет. Қымбатшылық дендеп тұрғанда атқарушы биліктің асықпайтынына сарапшылар ашулы. Істі уақытында жүйелемесек, алдағы егіс науқаны аса қиын болмақ. Шығын одан сайын көбейеді.

Евгений Карабанов, Қазақстан астық одағының сарапшысы:

- Минералды тыңайтқыштардың шығыны екі есе, өсімдіктерді қорғайтын заттар  30-дан 80 пайызға дейін, тұқымдар 50-70 пайызға дейін өсті. Энергетика министрлігінің ресми дерегіне сәйкес, дизель отынының шығыны 46 пайызға дейін артты. Ауылшаруашылығы техникалары, су, жылу бәрі қымбаттады. Тиісінше бидай өңдеу екі есе қымбаттады. Ауылшаруашылығы министрлігі бәрінен хабардар. Мәселені шешуге уәде берген. Егер шешпесе, диқандарға тықыр таяйды.

Аграрлық саладағы қымбатшылық қай шаруаға да тиімсіз. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында бидай, ұн, нанның бағасы тұрақты болып, жағдайдың күрделілігі аса білінбей тұр. Бір жерінен қалт кетсек көршілеріміз нарықты арзан бидайымен қамтуға дайын. Қазақстан Ресейден жылына 2,5 млн тонна бидай сатып алып отыр.

Евгений Ган, Қазақстан бидай өңдеу одағының президенті:

- Бидай жетіспеген кезде біз Ресейдің тұрақты импорттаушысы болып алдық. Біріншіден, ол жақта бидай арзан. Екіншіден, Орталық Азия нарығын ұнмен қамтамасыз етуіміз үшін бидай керек болды. Иә, биыл шығын көбейеді. Астықтың өзіндік құны артады. Бірақ шексіз өсу болмайтыны түсінікті. Әйтпесе ресейліктердің көмегіне тағы жүгінеміз. Сол себепті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ұлттық жобасының кей тұстарын өзгертуіміз керек.

Қазақстанның ұны ТМД елдерімен қоса Ауғанстанға тонналап жөнелтіледі. Дегенмен бұрынғы қарқын жоқ. Жіберілген отандық өнімнің көлемі былтырмен салыстырғанда едәуір аз. Мамандар астық өндіру өнімділігін арттырып, бидайдың өзіндік құнын төмендету дұрыс деп санайды. Егіс көлемін кеңейту де керек.

Үкімет 2018 жылы астыққа деп диқандарға 14,8 миллион гектар жер берген. Бір жылдан кейін оны 3,4 миллион гектарға қысқартқан. Биыл соңғысына 1,3 миллион жер қайта қосып беріпті.

Сарапшылар ұн мен нан бағасын тұрақтандыруға күш салатын шенеуніктердің ісін аса құптамайды. Керісінше елдегі кедейшілікпен күресу қажет дейді. Тұрақтандыруға кеткен қаржы аз қамтылған отбасының жағдайын жақсартатына сенімді. Ал астық егетін шаруалардың күйі әзірге қаз-қалпында. Энергетика министрлігі арзандатылған жанар-жағармайдың көлемін тек ақпан айында айтады.

Көктемгі егіс жұмыстарын несиелеуге бөлінетін қаржы туралы айтар болсақ, ол өзгермейді. Тоқаев тапсырған көлем 70 миллиард теңгемен қалады. Негізінен фермерлерге берілетін несиенің көлемін арттыру Үкімет құзырында. Атқарушы билік тарапынан несиелеу сомасын көбейту талқыланған да жоқ. Үкіметтің әдеттегідей өз есебі бар. Астық одағы инфляций өсті, қазір баға қымбат, қаржы жетпейді дейді, шенеуніктер ол мәселелерге көз жұма қарап, жетеді дейді. Бір сөзбен айтқанда фермерлер 2022 жылы сол 70 миллиард теңгені қанағат тұтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.