{metadescription}
Көкшетауда төрт пәтерлі үйдің өртінде бір тұрғын ажал аузынан қалды
Көкшетауда төрт пәтерлі үйдің өртінде бір тұрғын ажал аузынан қалды

Көкшетауда төрт пәтерлі үйдің өртінде бір тұрғын ажал аузынан қалды

Көкшетауда төрт пәтерлі үй өртеніп, бір тұрғын ажал аузынан қалды. Тілсіз жау тұтанғанда 55 жастағы үй иесі қалың ұйқыда жатқан. Түтінге тұншығып қалған оны құтқарушылар аман алып қалды.

Ес-түссіз жатқан азаматты жанып жатқан үйден құтқарушылар алып шықты. Тыныс алу аппаратына қосып алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Одан кейін жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетті. Төрт пәтерлі үйде өрт таңертеңгі сағат 11 шамасында тұтанған. Бұл кезде басқа тұрғындар жұмысқа кетіп қалыпты. Тек 55 жастағы азамат ұйқысынан тұрып үлгермеген. Ал үйдің өртеніп жатқанын көшеде кетіп бара жатқан тұрғындардың бірі хабарлады.

Шоқан Ибраев, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Мен өзім жаңа ғана тұрып далаға шықтым. Не болғанын түсінбей қалдым. Ол көршімді 30 жылдан бері білемін. КамАЗ жүргізушісі болып жұмыс істейді. Өрт сөндірушілер алдымен  газ баллонын алып шықты. Әйтпесе бәрінің күлі көкке ұшар еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.