{metadescription}
Шырша саудасы сенаторлардың күдігін туғызды
Шырша саудасы сенаторлардың күдігін туғызды

Шырша саудасы сенаторлардың күдігін туғызды

Жаңа жыл қарсаңында қыза түскен шырша саудасы сенаторлардың күдігін туғызды. Шет елдің өнімі деп ашық саудаланып жатқаны өзімізде заңсыз кесілген ағаштар болуы мүмкін деп күдіктенеді Ақылбек Күрішбаев.

Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты:

- Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Ресейден әкеліп ресми тіркелген шыршалардың саны 78 мың. Ал экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің берген ақпаратында 106 мың дана. Осыдан орынды сұрақ туындайды. Импорттық өнім деп заңсыз кесілген өзіміздің ағаштарымыз сатылып жатқан жоқ па?

Сенатордың бұлай секемденуі бекер емес. Өйткені бақылау әлсіз. Бүкіл ел бойынша орман тыныштығына жауап беретін 147 ғана инспектор бар екен. Бірақ қыстың суығында шырша сатып отырғандар Күрішбаевтың сөзімен келіспейді. Айтуларынша саудалап жатқандарының барлығы да заңды. Құжаттарында тауардың Ресейден әкелінгені жазылыпты. Әрі жаңажылдық шыршаларды кесу орманды отау емес деп отыр. Яғни сатылымға шығаратын қылқан жапырақтыларды арнайы өсіреді екен.

Людмила Бондаренко:

- Ешқандай тәртіп бұзып заңсыздыққа жол беріп жатқанымыз жоқ. Шыршалар Ресейдің Алтай өлкесінен әкелінген. Құжаттары да бар. Бағаcы 3-4 мыңнан басталады. Аса қымбат емес. Ол жақта сатылымға шығаратын шыршаларды арнайы баптап өсіреді. Мерзімі жеткенде кесіп, жан-жаққа жібереді. Сондықтан табиғатқа ешқандай зиян келтіріп жатқан жоқ деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.