Алматы: Метро тағы үш шақырымға ұзартылады
Алматыдағы метро желісі тағы үш шақырымға ұзартылатын болды. Құрылысы аяқталуға жақын «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станциялары бүгін техникалық сынақтан өтті.
Автор: Асқарбек Қазанғап
30.12.2021
Дегенмен алматылықтардың наурыздың аяғына дейін күтуіне тура келеді. Әзірге кешендегі жұмыстың 96 пайызы аяқталған. Жаңа бағыт Алтынсарин көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі аралықта ұзартылған. Қазір күніне орта есеппен 40 мың тұрғын метромен жүретін болса, екі станцияның іске қосылуымен бұл көрсеткіш 115 мыңға дейін ұзарады деген болжам бар. Бертінде метрополитен жаңадан 8 электр жылжымалы құраммен толықтырылып, бүгінде бас-аяғы 15 пойыз жолаушы тасуға жұмылдырылды.
Жәнібек Етекбаев, «Алматыметроқұрылыс» АҚ бас директоры:
- «Мәскеу» станциясынан «Бауыржан Момыұшлы» станциясына дейін жылжымалы құрамның қозғалысын бақылау бойынша жұмыс жүргізілді. Рельстерді төсеу жұмысы аяқталды. Екі станцияның да инженерлік желісін дайын деуге болады. Сондай-ақ станциялар атауының стилін ашатын көркем панно жасалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!