{metadescription}
Көкшетаулық құтқарушылар науқас балаларға сыйлық жасады
Көкшетаулық құтқарушылар науқас балаларға сыйлық жасады

Көкшетаулық құтқарушылар науқас балаларға сыйлық жасады

Жаңа жылды ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған балақайларға тосын сый. Көкшетаулық құтқарушылар Аяз ата мен Ақшақар болып киініп, науқас балдырғандарды қуантты.

Құтқарушылар бұл жолы өрт сөндіру көлігінің баспалдағымен көпқабатты балалар ауруханасы ғимаратына балақайларды қуантуға келді. Емделіп  жатқан балаларға бұл күтпеген оқиға болды. Балалар  жапа-тармағай терезеге ұмтылды. Оларға құтқарушылар өзімен бірге тәтті-дәмді ала келген. Жаңажылдық сыйлық үлестіріліп, қуанышқа кенелген балаларды көрген ата-аналар да риза болды.

Айнар Ғабдуллина:

- Бұл балаларға күтпеген оқиға болды. Тіпті армандары орындалғандай қатты қуанды. Бала қиялы деген қызық қой. Тәттілер әкеліп үлестірді. Бұл көрініс естерінде қалатын болды. Олар ауырғанын да ұмытты. Жақсы ойластырылған екен. Жаңа жыл осындай тосын қуаныштарға толы болсын! Рақмет айтамыз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде