{metadescription}
Ақтауда әріптесін жауыздықпен өлтірген теміржолшы сотталды
Ақтауда әріптесін жауыздықпен өлтірген теміржолшы сотталды

Ақтауда әріптесін жауыздықпен өлтірген теміржолшы сотталды

Ақтауда өз әріптесін жауыздықпен өлтірген теміржолшыға сот үкімі кесілді. Қанды қылмыс ақпан айында Бейнеу ауданында болған. Ревизор Айтбай Сақтағанов пен Ілияс Ұзақбаев 40 жастағы Ерлан Құрмановты аяусыз ұрып-соғып, көлігіне отырғызып айдалаға апарып тастаған.

Тәртіп сақшылары оны екі күннен кейін өлі күйінде тапты. Судья екі сотталушының бірін 15 жылға екіншісін 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Ғафур Шаров, судья:

- Сақтағанов ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 15 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесіндегі қауіпсіздік барынша ауыр мекемеде өтеу белгіленсін. Ұзақбаев Ілияс Сәрсенбаевич ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлімімен 1 жыл мерзімге бостандығынан айыру жазасы, 432-бабымен 4 жыл мерзімге бостандық айыру жазасы тағайындалсын.

Ілияс Ұзақбаев рақымшылыққа ілігіп жазасы сәлде болса жеңілдеді. Тергеуде анықталғандай екі сотталушы мен марқұм бір жерде жұмыс істеген. Жанжал 16-ақпан күні күндіз жиналыс кезінде өзара келіспеушіліктен басталыпты. Олар Ерлан Құрмановты қонақ келді деп алдап үйіне шақырып алып, ұрып-соғып айдалаға көлігімен апарып тастаған. Бірақ марқұмның туыстары соттың бұл шешімімен келіспеді. Тіпті апелляцияға береміз деп отыр.

Алтыншаш Құрманова, марқұмның туысы:

- Өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраймын. Себебі, осында айуандықпен, жауыздықпен, аяусыз ұрып-соғып, бауырымды соншама жанын қинап өлтірген адамдарға біздің осы бейбітшілік қоғамда жүруге орын жоқ деп ойлаймын. Қылмыскерлер әділ жазаларын алып темір тордың ар жағында өмір бойы өткізсін деп сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде