{metadescription}
«Мың бала» ауыл оқушыларына таптырмас мүмкіндік сыйлайды
«Мың бала» ауыл оқушыларына таптырмас мүмкіндік сыйлайды

«Мың бала» ауыл оқушыларына таптырмас мүмкіндік сыйлайды

Білімді мыңды жығар. Биыл екінші рет өткізіліп отырған «Мың бала» олимпиадасы 5-6 сыныпта оқитын ауыл оқушыларына жақсы мүмкіндік сыйлап отыр. Сынақтан сүрінбей өткендер дарынды балаларға арналған үздік мектептерге жолдама алады. Алғыр жастарды алға ұмтылуға арналған жобаның бүгін бірінші кезеңі аяқталды. 

Гүлхан Аманжолова, Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясының директоры:

- Бұл олимпиада Елбасы академиясы ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр. Білім және ғылым министрлігімен бірлескен. Ауыл мектептерінің балаларына берілген өте жақсы мүмкіндік. Ауылдағы дарынды балаларды іріктеп, анықтап, республикалық деңгейдегі сайысқа қатыстырып, білім деңгейін көрсете алу. Біздің мектепте бұл олимпиадаға 198 бала тіркелді.

Білім сайысы тек елдімекендердегі оқушыларға арналған алғашқы ауқымды жоба. Биыл олимпиаданың алғашқы кезеңіне еліміздің ауыл-аймағынан ниет білдірген оқушы санында шек жоқ. Жалпы дода екі кезеңнен тұрады. Алғашқыда танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттер қамтылады. Яғни логикалық ойлау жүйесі тексеріледі. Осылайша пандемияға байланысты онлайн, үйде отырып та тапсыруларына мүмкіндік берілген.

Екінші сатысында жүзден жүйрік шыққан мың жеңімпаз іріктеліп, талап тағы қатаңдатылады. Бүгін мектебіне келіп бағын сынаған Балауса тапсырмаларды орындау оңайға соқпағанын айтады.

Балауса Құмарбекова, оқушы:

- Логикалық сұрақтар қиын болды. Бірақ шеше алдым. Осыған дейін олимпиадаларға қатысқанмын. Бірақ ең қиыны осы «Мың бала» болды. Өттім деп ойлаймын. Өйткені асықпай ойланып жасадым. «Дарын» мектебінде оқығым келеді. Ата-анамның еңбегін ақтағым келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде