Жаппай тәртіпсіздікте 200-ден астам адам қамауға алынған
Түндегі жаппай тәртіпсіздік кезінде жапа шеккендер саны әлі белгісіз. Ресми орындарда әзірге нақты ақпарат жоқ. Дегенмен 200-ден астам адам қамауға алынды.
Автор: Мақсат Мәлік
05.01.2022
Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, ереуілге қатысқандар тас, газ, бұрыш баллондары мен жанғыш қоспасы бар бөтелкелер қолданған.
Ресми дерек бойынша Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында жергілікті әкімдіктерге халық баса-көктеп кірген оқиғалар болған. Ал түндегі ереуілшілер мен полиция арасындағы қақтығыста ішкі істер органдарының 95 қызметкері жарақаттаныпты. Бұдан өзге 37 қызметтік көлік бүлінген.
Қоғамдық тәртіпті бұзған 200-ден астам адамның ұсталған. Ал билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, мемлекеттік органдардың ғимарттарына шабуыл жасау және бұзақылық бойынша 13 дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!