{metadescription}
0:000:00
Алматы облысына да төтенше жағдай енгізілді

Алматы облысына да төтенше жағдай енгізілді

Елімізде тағы бір өңірде төтенше жағдай жарияланды. Жаппай тәртіпсіздіктен соң мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында да төтенше жағдай енгізу жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдай Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында жарияланған. Енді қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы үш өңірде бірқатар шектеу шаралары күшіне енеді. 

Төтенше жағдай 19-қаңтарға дейін жалғасады. Бүгіннен бастап аталған үш аймақта түнгі он бірден таңғы жетіге дейін комендаттық сағат енгізілді. Осы уақыт аралығында көшеге себепсіз шығуға болмайды. Полиция қалада бейсауыт жүрген адамдар мен көліктердің құжатын тексереді.

Аталған үш өңірде ереуілге шығуға, бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және халық көп жиналатын өзге шараларды өткізуге тыйым салынған. Қару, оқ-дәрі, жарылғыш және улы заттарды сатуға болмайды. Дәрі-дәрмек, есірткі және психотроптық заттардың, этил спирті мен алкоголь өнімдерін сатуға да шектеу қойылған. Мемлекеттік және стратегиялық нысандарда күзет күшейтілді.

Төтенше жағдай жарияланған Маңғыстау мен Алматы облысына, сондай-ақ Алматы қаласына кіріп-шығу шектелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.