Ақорданың ресми сайты интернет істемесе де – қолжетімді
Қазақстан президенті осы күндері кірпік қақпай жұмыс істеп жүр. Үкімет пен шұғыл әрекет ету штабы тәулік бойы байланыста. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жұртты ақпараттандыруға, өзінің Twitter желісінде жазба қалдыруға да уақыт тауып жатыр.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.01.2022
Бұл түрлі қауесеттердің алдын алып, нақты ақпарат таратуға мүмкіндік. Ақорданың ресми сайты интернет істемесе де, қолжетімді.
Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:
-4-қаңтардан бері Мемлекет басшысы Ақордада үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Президент жұмысының соңғы аптадағы хронологиясына қарасақ, берілген тапсырмалардың бәрі, шығарған шешімдері, өткізген жиналыстары, тіпті күннің жұмыс уақытына байланбай үздіксіз, түннің бір уағында, тіпті түнгі сағат 2.00-де жарлыққа қол қойып, таңғы 7.00-де жиналыс өткізуде. Күш құрылымдары басшыларын ауыстырып жатыр. Оның бәріне заң органдары, тергеу органдары бағасын берер. Ең бастысы, Президент осының бәрін бағамдап, мемлекеттің басына күн туған кезде опасыздыққа барғандарды анықтап алып тапсырма берді деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!