{metadescription}
ХҚО жұмысы жандандырылды, тек ...
ХҚО жұмысы жандандырылды, тек ...

ХҚО жұмысы жандандырылды, тек ...

Ел бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастады. Тек Алматы қаласы мен Алматы облысында бұл мекемелер әзірге жабық. Ал Жамбыл облысында жеке куәлікті және төлқұжатты тіркеу қызметтері көрсетілмейді. Себебі: жаппай тәртіпсіздік кезінде өңірлік полиция департаментіне шабуыл жасалған.

Ғаламтордың кідіріспен берілуі мекемелердің жұмыс сапасына әсер етуі мүмкін. Ештеңеге қарамастан, орталықтар халық нөпіріне дайын екенін жеткізді. Және отандастырымыздан қызметтердің кешеуілдеуіне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Азаматтар eGov немесе eGov mobile қызметін қолданса болады. Алайда мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарының жұмысы әлі жандандырылған жоқ. Себебі барлық ішкі істер министрлігі қызметкерлері төтенше жағдай жұмысына жұмылдырылған.

Әділ Қожықов, «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ басқарма төрағасы:

-Ішкі істер қызметкерлері қазір басқа міндеттерді шешіп жатқандықтан, біз көлік иелеріне қызмет көрсететін арнайы бағдарламаны аша алмаймыз. Сондай-ақ мемлекеттік органдардан тиісті нұсқаулар күтіп отырмыз.  Біз халыққа қызмет көрсетуге сақадай-саймыз. Ғаламтор  болмаса да, өз жұмысымызды жалғастыра береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.