«Атамекен»: Бизнеске қанша шығын келді
Бизнеске 94 миллиард шығын келтірілген. Оның ішінде бір Алматыда ғана 92 миллиардтың тауары тоналып, 1234 бизнес субъект қираған. Бұл таңғы сағат 9-ға келіп түскен мәлімет.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
10.01.2022
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, 1245 дүкен мен сауда орны, 25 қоғамдық тамақтану орны, 37 банк бөлімшесі, 9 логистикалық мекеме және бұқаралық ақпарат құралдары орналасқан 2 нысанды экстремистер күл-талқанын шығарған. Қазір зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге арналған жедел желі жұмыс істеп тұр. Онда түскен шағымдардың басым бөлігі мародерлікпен байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!