Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде 8 мыңға жуық адам ұсталған
Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде 8 мыңға жуық адам ұсталған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігі хабарлады. Олар бейбіт митингті пайдаланып ел тыныштығын бұзуға тырысқандар. Тексеріс барысында көбінен қару-жарақ, әртүрлі бағалы заттар тәркіленген.
Автор: Елдос Есенбол
10.01.2022
Шымкентте 3 мыңға жуық адам жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен қолға түскен.
Атырау қаласында төрт күдікті екі тапанша мен мыңға жуық психотроптық дәріні алып кірмек болған.
Қызылорда облысында 38 адам, оның ішінде Ұлттық «Ұлан» сарбазын өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде Қазақстаннан қашып шығуға талпынғандар да бар. Олардың саны 300-ге жуық. Ел аумағынан шығуға тырысқандар шекарадан көлікпен немесе жаяу өтуге тырысқан. Күдіктілерден атыс қаруы, ұрланған бағалы заттар, ұялы телефондар, ұлттық және шетелдік валютадағы ірі көлемде ақша тәркіленді. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, сондай-ақ қарақшылық шабуылдар мен азаматтар мен ұйымдардың мүлкін ұрлау фактілері бойынша елде тәртіп орнату шеңберінде 125 сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!