ЕДБ қаза болған әскерилер мен тәртіп сақшыларының несиесін кешіреді
Төтенше жағдайға байланысты банктер мен микрокредит ұйымдары төленбеген несиелерге өсімпұл қоспайды. Еліміздің барлық өңірінде банктер өз қызметтеріне біртіндеп кірісуде. Жалақы мен әлеуметтік төлемдер халыққа аударыла бастады.
Автор: Нұртілеу Жылқышбай
10.01.2022
Олжас Кизатов, Банк реттеу департаментінің директоры:
-Банктердің меншікті капиталы мен өтімділігінің едәуір қоры банктер қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге және халықпен корпороратив кредитке банктік қызметтердің толық тізбесін көрсетуге мүмкіндік береді. Қосымша төтенше жағдай кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдары жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Және кредиттер бойынша кейінге қалдыру беріледі.
Дүрбелең кезінде бұзақылардың басым көпшілігі банк бөлімшелерінің тас-талқанын шығарып, банкоматтарды бұзып ішіндегі ақшаны ұрлаған. Қаржы секторына келтірілген шығын көлемі әлі нақтылануда. Жағдай тұрақталған өңірлерде банк филиалдары ашылды. Банкоматтар мен интернет банкинг, мобильді қосымшалар да жұмыс істеп тұр.
Ал Алматыда бірнеше банктің жұмысы жандандырылды. Күзет күшейтілген.
Ақша айырбастау пунктері жағдай толық тұрақталғанша жұмыс ісетемейді. Инкассаторларға да жолға шығуға тыйым салынан.
Екінші деңгейдегі банктер қаза болған әскерилер мен тәртіп сақшыларының несиелерін кешіретіндігін мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!