Өртенген ғимараттан репортаж – Республика алаңы
Алматыда лаңкестермен кескілескен ұрыс жүрген Республика алаңын полиция қоршап тұр. Тұрғындар маңайдан әрі-бері өтуге мүмкіндік алғанымен, тәртіп сақшылары алаңға ешкімді өткізіп жатқан жоқ.
Автор: Мақсат Мәлік
10.01.2022
Арнайы операция кезіндегі тәртіптің қаталдығын түсіндірген полицейлер сол маңда фото-видео түсірілім жасауға да тыйым салған.
Алматы қаласындағы Республика алаңының жаны, шамамен 200 метр қашықтықта Республика алаңы орналасқан. Халық емін-еркін әрі-бері өтіп жатыр. Журналистердің де алаңға жақындауына мүмкіндік бар. Бірақ полицейлер халық пен әрі-бері өткен жүргіншілерге, журналистерге қандай да бір фото-видео түсірілім жасауға тыйым салып жатыр. Сондай-ақ алаң жаққа ешкімді өткізіп жатқан жоқ. Жаңа ғана көзімізбен көрдік, бүлікшілер, лаңкестер ойран салған маңдағы әкімдіктің сырты қап-қара ыстан көрінбейді. Әкімдікке қарсы орналасқан көпқабатты ғимараттың батыс және шығыс бөлігі де өртке оранған. Бұл жерде бірнеше телеарна орналасқан. Полицейлер белгісіз көлікті тоқтатып, ішіндегі адамдарды түсіріп тергеп-тексеріп жатыр.
Қаладағы жағдай тұрақталғанымен, арнайы операция әлі де жалғасуда. Республика алаңын тек полицейлер қоршап тұр. Ең бастысы, маңайда мылтық дауысы естіліп жатқан жоқ.
Республика алаңының артқы жағы. Бұл көпқабатты ғимараттың екінші қабатында «Мир» телеарнасы орналасқан. Бұзақылар, лаңкестер бұл жердің де түгін қалдырмай әйнектерін, терезелерін шағып өртеп кеткен. Тіпті бөлмеде тұрған сейфті терезеден жерге лақтырып бұзып, ішінде құнды заттардың барлығын алып кеткен.
Ғимарттың ішінде қираған, өртке оранған көріністен төбе шашың тік тұрады.
Лаңкестер ойран салған, бүлік салған Республика №13 мекенжайындағы ғимараттың батыс жағы. Бұл жерде жекеменшік компания отырған. Ғимараттың ішіне кірген лаңкестер бұл жердің де түгін қалдырмаған. Барлығын шаққан, есік-терезе сынған. Өртелген. Компанияның бүкіл заты шашылып жатыр. Түк қалмаған. Барлығы өртелген. Тіпті аяқ басып жүрудің өзі қиын. Ғимараттың батыс жақ бөлігінде де лаңкестер ойына келгенін істеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!