Шымкентте бизнес нысандарға 100 миллионға жуық шығын келтірген
Шымкентте бүлікшілер бизнес нысандарға үш күннің ішінде 100 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Қираған ғимарат пен шағылған дүниенің әлі де есептеліп жатқанын ескерсек, нақты сома бұдан бірнеше есеге көп болуы мүмкін.
Автор: Бек Әбиев
10.01.2022
Сойқан салғандар банкоматтардан бастап тамақтану орындарына дейін шабуыл жасаған. Негізінен қас қарайғанда атой салғандар дәмханалардың есік-терезесін бұзып кіріп тонап, сол жерде дастархан жайып тамақтанып та алған. Сауда орындары, азық-түлік дүкендері, ломбардтар мен транспорттық компаниялардың көліктері ұрланған және өртелген. Құрылыс компанияларының сату бөлімдері де бүлінді. Шағын кәсіпкерлердің көпшілігі мемлекеттен берілетін көмектен бас тартып, бүлінгенді өздері жөндеп жатыр. Ал өзгесіне келтірілген шығын көлемі нақтыланған соң кәсіпкерлерді қолдау қорлары арқылы материалдық көмек көрсетілетін болады.
Нұрлан Қабыштаев, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:
-Шамамен қазір 100 миллионға жуық сома анықталып жатыр. Бірақ бұл деген интернет байланысының болмауына байланысты, нақты сомасын шығаруға әлі қол жеткізе алмай жатырмыз. Бірнеше күннің ішінде нақтыланатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!