Әлихан Смайылов әлеуметтік жағдайды жақсартуға бар күшін салатын болды
Үкіметтің жаңа басшысы тағайындалды. Жаңа Министрлер кабинетін жасақтау Әлихан Смайыловқа тапсырылды. Президенттің ұсынған кандидатурасына Мәжіліс қарсылық танытпай, бірауыздан мақұлдап берді.
Автор: Елдос Есенбол
11.01.2022
Талқылауда кезектесіп сөз алған депутаттар Смайыловтың мақтауын асырды. 50 жастағы жаңа премьер өткен аптада отставкаға жіберілген Мәминнің орынбасары болған. Қаржы министрі қызметін де қатар атқарды. Президент оған сенім артып отыр. Енді Әлихан Смайылов қысқа уақыт ішінде өз командасын ұсынуы тиіс. Ал оған дейін қазіргі министрлер міндеттерін уақытша атқара береді. Ал Үкімет тізгінін қолына алған жаңа премьер өзіне артылған сенімге алғыс айтып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күшін салуға уәде берді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Маған үлкен сенім артқандарыңызға алғысымды айтамын. Бұл маған деген зор жауапкершілік. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті депуттар, Үкіметтің алдына қойылатын міндеттерді шешуге барлық керекті шара қабылданатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!