{metadescription}
Тоқаев: LRT жобасынан жемқорлықтың иісі мүңкіп тұр
Тоқаев: LRT жобасынан жемқорлықтың иісі мүңкіп тұр

Тоқаев: LRT жобасынан жемқорлықтың иісі мүңкіп тұр

LRT жобасы – үлкен қателік. Елордадағы жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алған президент жырға айналған жобаны «жемқорлықтың иісі мүңкіп тұр» деді.

Тоқаевтың айтуынша, қарапайым инфрақұрылым жобасы елдің бет-беделіне нұқсан келтіретін мәселеге айналып отыр. Оған қисапсыз қаражат жұмсалғанымен құрылыс әлі аяқталған жоқ. Қазірдің өзінде шетелдік әріптестер мен қарыздар тартылып, түрлі келісімшарттар қабылданған. Сол себепті жобаның үлкен қателік екенін айтқан Президент оны бұзу уақыт пен қыруар қаржы жоғалту екенін ескертті. Бұл тұрғыда отандық немесе шетелдік мамандарды шақырып, құрылысты соңына жеткізгеннен басқа амал жоқ.

Бас қаланың сиқын қашырған LRT жолы 2011 жылы басталды. Құрылысқа нақты қанша қаражат жұмсалғанын дөп басу қиын. Жоба әу баста 2 миллиард 600 миллион теңгеге бағаланған. Оны іске асыруда мемлекетті 5 миллиард 834 миллион теңге шығынға батырған жеті адамға 7-10 жылға дейін жаза кесілді. Ал негізгі жауапты екі басшысы әлі шетелде қашып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде