{metadescription}
Президент «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуды тапсырды
Президент «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуды тапсырды

Президент «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуды тапсырды

Халыққа қолжетімді көлік сатып алатын күн қашық емес. Елдегі утилизация алымына қатысты пікір білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саладағы біраз былықтың бетін ашты. Президент сол кәдеге жарату төлемінің көлемін де қайта қарауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуды тапсырамын. 

Президент мұндай маңызды іспен шетелдердегі секілді мемлекеттік ұйым айналысу қажеттігін баса айтты. Ал алымдардын өзіне тоқталсақ, оның мөлшері қайта қаралу керек.

Соңғы жылдары еліміздің түпкір-түпкірінде "утилизация алымы халыққа қарсы жасалған, қаржы тұрғысынан қитұрқысы көп жүйе" деп ұрандатқан түрлі қарсылық шарасы өтті. Тіпті қоғам белсенділері бес  жыл ішінде экология министрлігінің өтінішімен 579 миллиард теңге кәдеге жарату төлемі жиналды, бірақ құны шарықтаған утилизация төлемінің кесірінен көлік, ауыл шаруашылық техникасы мен қарапайым кабельдің бағасына дейін өсіп кетті деген дәлел келтірген. Амалы таусылған қоғамдық қозғалыстар осы мәселені ретке келтіру тұрғысында референдум өткізуге де бекінген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде